Астанада жыл басынан бері 272,1 миллиард теңгенің өнімі өндірілді

24 Қазан 2016, 11:28
0
Астанада жыл басынан бері  272,1 миллиард теңгенің өнімі өндірілді -

Ағымдағы жылдың 9 айында Астана қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары 272,1 миллиард теңгенің өнімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, салалық құрылымда металлургия өнеркәсібі саласындағы өсім - 59 пайызға, дайын металл бұйымдар шығару - 28 пайызға, тағам өнеркәсібінде - 3,2 пайызға артып, оң үрдіс көрсетіп отыр.

Ал алтын кенін өңдеу - 59,9 пайызға (4,9-дан 7,9 мың келіге дейін); металл конструкцияларын шығару - 2,2 пайызға (3,3-тен 3,4 мың тоннаға дейін); ет және субөнімдер - 54,5 пайызға (369-дан 570 тоннаға дейін); ұн - 14,3 пайызға (101,2-ден 115,7 мың тоннаға дейін); нан - 2 пайызға (11,7-ден 12 мың тоннаға дейін) артты. 

Сонымен қатар, 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің өсуінде оң үрдіс байқалады. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ал қаланың жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) көлемі 2016 жылдың  1-жартыжылдығында 2,1 триллион теңгеден асқан. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,9 пайызға артық. Астананың республиканың ЖӨӨ-нің көлеміндегі үлесі - 11,1 пайызды құрады.

Сондай-ақ, экономиканың өсімі негізі салалық құрылымдар есебінен, атап айтқанда құрылыс саласында - 19,8 пайыз, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет - 18,8 пайызға, қаржы және сақтандыру қызметі - 10 пайызға, көлік және қоймалау саласында - 9 пайызға, басқа да қызметтер - 41,4 пайызға қамтамасыз етілді.

"Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші 2,4 млн теңгені құрап, республика бойынша орташа көрсеткіштен 2,2 есеге (1,1 миллион теңгеге) артты. Бұл тұрғыда Астана экономикасы мұнай секторына негізделген Атырау облысынан кейін 2-орында", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай