30 мамыр 2018 14:32

Астанада жыл басынан бері менингококк жұқтыру дерегі алғаш рет тіркелді - Дәрігер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет: dvinatoday.ru Иллюстрациялық сурет: dvinatoday.ru

Астана қаласы балалар жұқпалы аурулар кафедрасының доценті Анна Бринстер менингококк жұқтыру жағдайы неліктен індет еместігін және бұл аурудың жұққандығын балаларда анықтаудың неге қиын екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


Астана қаласы балалар жұқпалы аурулар кафедрасының доценті Анна Бринстер менингококк жұқтыру жағдайы неліктен індет еместігін және бұл аурудың жұққандығын балаларда анықтаудың неге қиын екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

29 мамырда менингококк жұқтырған 2014 жылғы бала ауруханаға жатқызылған болатын. Қазір оның жағдайы ауыр, тұрақты. 

"Бізде қалада індет жайылғаны ресми тіркелмеді, бұл жыл басынан бергі алғашқы оқиға. Бала ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылды. Мұндай жағдайдағы балалар интенсив терапия бөлімінде емделеді. Ол аралас түріне шалдыққан, ол менингококк сепсисіне қарағанда жеңілдеу. Бүгінде оның жағдайы тұрақты, ешқандай қиындық жоқ", - дейді Бринстер.

Дәрігердің сөзінше, мұндай инфекцияны жұқтыру үшін оған шалдыққан адаммен ұзақ уақыт қарым-қатынаста болу керек. Менингококк сыртқы ортаға төтеп бере алмайды, сондықтан бір ғана оқиғаны індет ретінде тіркеуге келмейді. 

Ол баланың 24 мамырдан бері ауырғанын, бірақ, дәрігерлер инфекцияны бірден анықтай алмағанын атап өтті. 

"Менингококк инфекциясының жалпы белгілері бар - қызудың көтерілеуі, бас ауруы, жүректің айнуы мен лоқсу, бөрту. Бірақ бір жерге ғана шоғырланатын түрі бар, ол ЖРВИ (Жедел респираторлы вирустық инфекциялар) сияқты болады. Балаларда генерализациядан бұрын әрдайым шоғырланған формасы болады - жөтел, мұрынның бітелуі, дененің қызуы аздап көтерілуі мүмкін. Сондықтан оған көмек берген дәрігерлер оны ЖРВИ деп ойлаған. Бізге келгенде жағдайы өте ауыр болды", - дейді Бринстер. 

Мұның алдында Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 2018 жылы республикада менингококк инфекциясының 62 оқиғасы тіркелгенін мәлімдеген. 29 оқиғасы Алматыда ШҚО, ОҚО және Астанада төрт реттен тіркелген. Алматы облысында үш жағдай тіркелді. Олардың арасында сегіз адам көз жұмды. Алматыда төрт және Алматы облысы мен ОҚО-да екі адамнан көз жұмды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети