02 қазан 2014 18:54

Астанада жылу беруге қатысты мәселе туындамайды – Тасмағамбетов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото mediazavod.ru сайтынан алынды Фото mediazavod.ru сайтынан алынды

Астанада жылу беруге қатысты мәселе туындамайтынына қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов сенімді. Ол қаладағы энергетикалық өндірістерді тексергенен кейін осындай қорытындыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 


Астанада жылу беруге қатысты мәселе туындамайтынына қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов сенімді. Ол қаладағы энергетикалық өндірістерді тексергенен кейін осындай қорытындыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Біз жылу беру маусымына дайынбыз. Биыл жылу беруге қатысты ешқандай мәселелер туындамайтынына еш күмәніміз жоқ. Астананың ауа райы суық, қысы қатты. Техниканың аты техника болған соң кіші-гірім мәселер болуы мүмкін, бірақ техникалық мамандардың арқасында қалалықтарға мұндай жағдайлар сезілмейді де. Бәрі кесте бойынша жүзеге асуда, кешіккен жоқпыз. Ең бастысы, қала түгелдей жылумен қамтылады. Әзірге жылу беруге қатысты алаңдауға ешқандай негіз жоқ", - деді Тасмағамбетов. 

"Астана - Энергия" АҚ басқарма басшысының орынбасары Олег Уткиннің айтуынша  "Астана-Теплотранзит" қала тұтынушыларына жылу беруді бастайды. Қаладағы ТЭЦ-1 және ТЭЦ-2 іске қосылуға әзір. 

ТЭЦ-1 директоры  Юрий Утюжниковтың айтуынша, онда қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр, жөндеу жұмыстары 2017 жылы аяқталады. "Жаңа құрылғылар іске қосылады, отынға кететін мазуттың мөлшері үш есеге азаяды. Ескі қазандықтар ауыстырылып, жылу күшейе түседі. Бүгінде ескі қазандықтардың тұрғанына 50 жылдан асқан", – дейді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана әкімдігінде жылу беру маусымына дайындық мәселелері талқыланған жиында қалаға жылу 6 қазаннан бастап берілетіні айтылған еді. Сонда Астана қаласындағы  2115 көпқабатты үйдің жылу беру орталығына қосылғаны, 2086 үй жылу беру маусымына әзірленіп жатқандығы да айтылды. Әлеуметтік маңызы бар нысандарға жылу 29 қыркүйектен бастап берілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети