15 сәуір 2014 11:01

Астанада қару-жараққа құн төлеу акциясы өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Елордалық полиция қызметкерлері халықтан атыс құралдарын сатып алудың кезекті акциясын өткізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елордалық полиция қызметкерлері халықтан атыс құралдарын сатып алудың кезекті акциясын өткізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2014 жылғы 21 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс, қару-жарақ және жарылғыш құралдарын сатып алудың кезекті акциясы өткізіледі. Ерікті түрде өткізілетін қару-жарақ құралдарының түріне байланысты мемлекеттен 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін әр қаруға ақшалай төлем қарастырылған", - делінген хабарламада. Биыл бір айлық есептік көрсеткіш көлемі 1852 теңге екенін еске саламыз.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тіркелмеген атыс құралдарын, қару-жарақ пен жарылғыш заттарды ерікті түрде өткізген тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Хабарламада бұл мәселеге байланысты ақпарат алуға болатын байланыс телефондары көрсетілген: Астана қ. ІІД – 716-018, 716-170, 716-366 аумақтық "Алматы" ауданы ІІБ - 716-737, "Сарыарқа" ауданы ІІБ- 716-646, "Есіл" ауданы ІІБ - 716-561 Заңсыз сақталған атыс құралдарын, қару-жарақ және жарылғыш заттарды сатып алу туралы ақпарат департаменттің сайты - ast.dvd.mvd.kz-те жарияланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети