Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Астанада қазақтың ұлттық тағамдарын зерттейтін зертхана ашылады

30 Қаңтар 2016, 14:05
0
© Yazdorov.kz
© Yazdorov.kz

Ұлттық музейде қазақтың ұлттық тағамдарын зерттейтін зертхана ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық музейде Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шармановпен кездесу өтті. Кездесу барысында ол жылқы шаруашылығы мен қымыз өндірісіне ерекше мән береу керектігіне тоқталып өтті.

"Бәріміздің мақсатымыз бір ол - қазақтың тарихын, ұлттық мәдениетін жан-жақты көрсету, насихаттау, таныстыру. Біз өзіміздің атадан балаға жалғасқан ұлттық тағамдарымыздың маңызын түсінуіміз қажет. Мәселен біз жылқының қасиетін, оның маңызы мен артықшылықтарын дұрыс түсінбей жүрміз. Жылқы жайлы не білеміз? Оның тек етін жеп, қымызын ішуді ғана білеміз. Бірақ бие сүтінен қаншама өнім жасап шығаруға болар еді, оны біз осы уақытқа дейін жүзеге асыра алмай келгенбіз. Қазір Қазақтың тағамтану академиясы бие сүтінен балмұздақ, шоколад, торт сияқты өнімдер өндіріп жатыр. Олар адам ағзасына пайдалы дәрумендерге бай. Біз қазір жылқыны тек қана сойып жеп жабайы түрде құртып жатырмыз. Қымыз адам денсаулығына өте пайдалы, ол адамның шаршауын ұмыттырып, көңіл-күйін көтереді. Қымыздың құрамында адамға рахат сыйлайтын дәрумендер бар. Тіпті орыс жазушысы Лев Толстой әйелімен ренжіскен кезде апталап, қымыз ішіп жататын болған. Биенің сүті тері ауруларына ем. Кезінде қымызды көп ішетін қазақтардың арасында тері ауру аз болған", - деді Төрегелді Шарманов.

"Ұлттық музей қазақтың байырғы ұлттық тағамдарын зерттеп, оның пайдасы мен артықшылықтарын, халыққа түсіндіретін болады. Бұл іске Төрегелді Шарманов басқаратын Қазақтың тағамтану академиясы кеңесші болады", - деді Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай.

Айта кетейік, Ұлттық музейде ашылатын ұлттық тағамдарды зерттейтін лаборатория музей жанындағы "Халық қазынасы" ғылыми-зерттеу институтына қарасты болады. Жобаға қазіргі уақытта институт жетекшісі Ақан Оңғар басшылық етеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай