02 тамыз 2018 13:08

Астанада қираған коттеджден зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы анықталды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі ©ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Астанада салынып жатқан коттедждің едені құлап, зардап шеккен жұмысшылардың жағдайын әкімдіктегілер айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астанада салынып жатқан коттедждің едені құлап, зардап шеккен жұмысшылардың жағдайын әкімдіктегілер айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 1 шілдеде болды. Астанада Балқантау көшесінде салынып жатқан коттедждің қирауынан бірнеше жұмысшы үйінді астында қалған еді. Олардың бірі 1970, екіншісі 1983 жылғы ер адамдар. Кейінірек құтқарушылар үшінші жұмысшыны үйінді астынан шығару жұмысын жүргізді. 

"Зардап шеккендер бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты, орта деңгейде жарақат алған. Медициналық көмек барлығына толық көлемде көрсетілді. Зардап шеккендер профильді бөлімшелерге жатқызылды, олар политравма алған", - деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.


Суретті ІІМ ТЖК баспасөз қызметі жолдады

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети