05 желтоқсан 2016 16:05

Астанада көктайғақтан қанша адам зардап шекті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rostov.press © rostov.press

Астана ІІД мәліметі бойынша, тәулік ішінде полицияға ЖКО туралы 80-нен аса хабарлама келіп түскен, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. Үш адам зардап шеккен.


Астана ІІД мәліметі бойынша, тәулік ішінде полицияға ЖКО туралы 80-нен аса хабарлама келіп түскен, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. Үш адам зардап шеккен.

"Тәулік ішінде полицияға ЖКО туралы 80-нен аса хабарлама келіп түсті. Оның ішінде 26 оқиға бойынша материалдық шығын келген. ЖКО салдарынан үш адам зардап шекті, түрлі дене жарақаттарын алған", - делінген Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тарвматология және ортопедия ҒЗИ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 желтоқсанда мекемеге 43 адам келген, Ал 5 желтоқсан күні зардап шеккендер саны 87 адамға дейін жеткен.

Ал Өскеменде көктайғақ салдарынан көлік қозғалысы айтарлықтай қиындаған. Жексенбі күні облыс орталығында мұз жауып, қала көшелерін сырғанаққа айналдырған.  

Мұның алдында ТЖК 4 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше облысында ауа-райының қолайсыздығынан жол жүруге шектеу қойылғанын хабарлаған. Атап айтқанда, көктайғақ салдарынан Астан - Көкшетау, Астана - Атбасар, Астана - Қарағанды бағыттары бойынша қоғамдық және жүк көліктеріне жол жабылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети