14 желтоқсан 2016 20:05

Астанада көктайғақтың қатты болатынын ескертіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада көктайғақ пен жел күшейеді деп күтілуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астанада көктайғақ пен жел күшейеді деп күтілуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"14.12.16 Астанада көктайғақ қаупі", - осындай хабарламалар Астанада тіркелген ұялы телефон нөмірлеріне таратылып жатыр.

Астана қаласының ТЖД мәліметі бойынша, 14 желтоқсан оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететін жел сақталады, бұрқасын болуы мүмкін. Ақмола облысының көп бөлігінде де 14-15 желтоқсан күндері оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететін жел сақталады, жел күші секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін және кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады.

"Құрметті ата-аналар! Ертең Астанада көктайғақ қатты болатын шығар. Барлық ұйымдардың басшыларына өз аумағында қар мен мұзды тазалауға және тұзды-құм қоспасын шашуға ерекше көңіл бөлу тапсырылды. Осы күндері балалар ыңғайлы аяқ киім киіп, сақ жүруін және ата-аналарымен бірге жүруін қадағалауға тырысыңыздар. Көктайғақ себебінен мектептегі сабақтар тоқтатылмайды", - деп жазыпты Астананың Білім басқармасының баспасөз хатшысы Ботагөз Омар өзінің Facebook-тегі парақшасына.

Айта кетейік, Астанада бүгін ауа температурасы бірден көтеріліп, жаңбыр жауды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети