Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанада көктайғақтың салдарынан жүздеген адам жарақат алған

23 Қазан 2015, 14:56
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астанада болған көктайғақтың бірінші күнінде қанша жол апатының тіркеліп, қанша адамның жарақат алып ауруханаға барғанын қалалық мекемелер жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орташа есеп бойынша, ауруханаға барған адамдардың саны басқа күндерден екі есеге жоғары болды. Олардың көпшілігі "тайғанап, құлағандар", басым бөлігі жараланып, сіңірлерін созып алған.

22 қазанда 53 адам жарақат және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына барған. ЖОҒЗИ мәліметінше, бұл көрсеткіш қалыптыдан 2,2 есеге жоғары.

46 адам №2 қалалық балалар ауруханасына барды.

Орталық жол ауруханасында 49 жарақат тіркелді.  

Бір күнде жол апаты бойынша 117 хаттама толтырылды. Бұған дейін жол-көлік оқиғасы туралы 120 хабарламаның түсіп, 60 деректің тіркелгені айтылған болатын. Алайда бір күнде болған жол апаттарының жалпы саны хабарланбады, зардап шеккендер жоқ.

Бір тәулікте қаладан 1336 текше қар шығарылды. Бұл - 191 Камаз қар.

360 бірлік техника жұмылдырылды.

Негізгі жолдарға, қиылыстарға, көпірлер мен тоннельдерге 542 текше метр құмды-тұз себілді. "Астана Тазалық" ЖШС мамандарының мәлімдеуінше, жауын көп жауған жоқ, бірақ ауа райының күрт өзгеруіне байланысты коммуналдық қызметтің күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуіне тура келеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Астанадағы көктайғақтың тағы екі күн сақталатынын хабарлады. Олардың айтуынша, 24 қазаннан бастап ауа температурасы көтеріле бастайды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай