Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Астанада көлік кептелісі кезінде оқ атқан жүргізушіге айып тағылды 21 мамыр 2014, 18:02

Айыптау қорытындысының көшірмесі берілгеннен кейін қылмыстық іс Астананың Алматы аудандық №2 сотына қарауға жолданған.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Астана қаласы "Алматы" ауданының прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 103 бабы, 2 тармағы және 257 баптың 3 тармағы бойынша (бұзақылық пиғылда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ травматикалық қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау) қылмыстық іс жасаған азаматқа қатысты айыптау қорытындысын бекітті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу нұсқасы бойынша, айыпталушы 2014 жылдың ақпан айында Майлин мен Мирзоян көшелерінің қиылысында орналасқан сауда үйінің көлік тұрағында көлік кептелісі орын алғандықтан дау-жанжал туындатқан. Айыпталушы болмашы нәрсені желеу етіп, оның үстіне қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, жәбірленушінің басынан және оның жұбайына қарай травматикалық қарумен оқ атқан. Осының салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келген.

Айыпталушыға қатысты сот санкциясы арқылы қамауға алу шарасы қолданылған. Айыптау қорытындысының көшірмесі берілгеннен кейін қылмыстық іс Астананың Алматы аудандық №2 сотына қарауға жолданған.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram