Астанада құлағалы тұрған 186 үй 2017 жылға дейін бұзылады

22 Желтоқсан 2014, 15:08
0
Астанада құлағалы тұрған 186 үй 2017 жылға дейін бұзылады - ©astana.gov.kz
©astana.gov.kz

Астанада апатты жағдайда тұрған 186 үй 2017 жылға дейін бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада апатты жағдайдағы үйлерде тұрып жатқан азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін апатты тұрғын үйді бұзу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама шарттарына сәйкес, Астана әкімдігі апатты жағдайдағы үйлерді бұзып, олардың орнына ауданы бойынша тең (яғни, шаршысына - шаршысы) жаңа пәтерлер береді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жоба бағдарламасы бойынша 2017 жылдың соңына дейін 228 апатты үйді сүріп, 3500 отбасын көшіру көзделген. Сөйтіп, 2013 жылы апатты жағдайдағы 11 тұрғын үй бұзылып, 178 отбасы көшірілген болатын. Сонымен қатар 2014 жылдың соңы - 2015 жылдың басында 31 апатты үйді бұзу және онда тұратын 463 отбасын көшіру жоспарда тұр. Ал қалған 186 үй 2017 жылдың соңына дейін бұзылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін биыл Алматыда 400-ден астам отбасының құлағалы тұрған ескі үйін жаңа пәтерге ауыстыратыны хабарланған болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай