09 қараша 2018 16:19

Астанада Махатма Ганди есімін көшеге беру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz фотоколлаж Tengrinews.kz фотоколлаж

Үнді елшісі елорда көшелерінің біріне немесе мектептердің біріне Ганди есімін беру немесе оның құрметіне ескерткіш орнату туралы ұсыныс білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Үнді елшісі елорда көшелерінің біріне немесе мектептердің біріне Ганди есімін беру немесе оның құрметіне ескерткіш орнату туралы ұсыныс білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов пен Қазақстан Республикасындағы Үндістанның Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумармен бейсенбі күні еліміздің бас қаласында Үндістанның көрнекті саяси және қоғам қайраткері Махатма Гандидің есімін мәңгіге қалдыруға қатысты мәселені талқылады.

"Осы жылы біз 2020 жылдың 2 қазанына дейін жалғасатын Махатма Гандидің 150 жылдығын мерекелеуге арналған шаралар циклін ашпақпыз. Алматы қаласында оның құрметіне қойылған көше мен ескерткіш бар. Егер Астана әкімдігі де әлем тарихында өзінің терең ізін қалдырған Гандидің есімін мәңгілік ету идеямызды Қазақстан астанасында да қолдаса, қуанар едік", - деді Прабхат Кумар.

Елші Астана көшелерінің немесе мектептерінің біріне Гандидің есімін беруді немесе оның құрметіне ескерткіш орнатуды ұсынды. Ескерткіш орнатылатын жағдайда Прабхат Кумар оның дайындалуы мен жеткізілуі үндістандық тараптан жүзеге асырылатынын айта кетті.

Астана әкімі елшінің айтқан ұсынысына қызығушылық білдіріп, алдағы уақытта осы және өзге де жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді. Тараптар Астанада үнді сауда-іскер орталығының құрылысын салу мүмкіндігі, сондай-ақ мәдени шараларды бірлесіп ұйымдастыруды жалғастыру сияқты мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов Халықаралық қаржы орталығының ашылуына байланысты бизнес жүргізудің жаңа перспективасы барын айтып, үнді кәсіпкерлерін Астананың инновация, ақпараттық технология, білім және денсаулық сияқты салаларына инвестиция құюға шақырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети