Астанада Мәңгілік ел даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
Астанада Мәңгілік ел даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Сарайшық көшесінен бастап Керей-Жәнібек көшесіне дейінгі учаскеде Мәңгілік ел даңғылы бойынша жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты, шілде айының 15-нен (сағат 21:00 ) 25-не дейін көрсетілген учаскеде автокөліктердің қозғалысы ішінара шектелетін болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлағаны жөн.