17 маусым 2017 17:03

Астанада маусым айының соңына дейін ыстық ауа райы сақталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада маусым айының соңына дейін ыстық ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің медиаорталығына сілтеме жасап.


Астанада маусым айының соңына дейін ыстық ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің медиаорталығына сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің айтуынша, астаналықтарға артық су қоры мен күннен қорғайтын қалпақ дайындап, төзімділік танытуларына тура келеді. Елордада бір жарым жұма бойы аспап ыстық болады.

"Қазгидромет" ұзақ мерзімді болжам жасау басқармасының аға инженері Айгүл Мыңжанова cалқын күндердің маусымның 28-нен кейін ғана болатынын айтып отыр.

"Жақын күндері су қоймаларына барып, шомылуды жоспарлағандарға ауа-райы кедергі келтірмейді. Синоптиктер 35 градусқа дейін ыстық болады деп отыр. Демалыс күні жаңбыр жаууы ықтимал. Келер аптаның басында қапырық сәл бәсеңдейді, Ресейден келетін циклон термометр көрсеткішін 30 градустан жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Алайда, артынан іле-шала Қазақстанға Ираннан ыстық ауа массасы келеді. Сол себептен 21 маусымнан кейін сынап бағанасы қайтадан жоғары көтеріледі", - дейді медиаорталықтағылар.

Синоптиктердің болжамы бойынша, ең аптап ыстық күндері маусымның 26-27 күндері болады. Ол күндері ауа температурасы 39 градусқа дейін жетеді.

Әдетте Қазақстанда ең ыстық ай саналатын шілдеде синоптиктердің алдынала болжамы бойынша, күн салқын әрі жаңбырлы болады. Ал тамызда қайтадан ыстық күндер болып, температура көрсеткіші нормадан бір градусқа жоғары болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети