30 қазан 2014 14:14

Астанада медиа-нарықта қазақстандық контентті дамыту мәселесі талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Сарапшылар медиа-нарықта қазақстандық контентті дамыту мәселесін Астанада MEDIA EXPO-2014 Бұқаралық ақпарат құралдарының ІІІ республикалық көрмесінде талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сарапшылар медиа-нарықта қазақстандық контентті дамыту мәселесін Астанада MEDIA EXPO-2014 Бұқаралық ақпарат құралдарының ІІІ республикалық көрмесінде талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дискуссия алаңындағы тақырыптардың бірі - медиада отандық контентті дамыту. Қазақстанда халықаралық форматтағы бейімделген телевизиялық жобалардың көбейіп келе жатқаны қуантады. Олар шетелде үлкен рейтингтерге ие және қазақстандық телекөрермендерге қолжетімді. Бұл көрме қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында отандық контентті дамытуда нақты нәтижелерге қол жеткізеді деп ойлаймын", - деді Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай.

Көрмеде БАҚ жұмысына жаңа технологияларды енгізу мәселесі де талқыланды. "Қазіргі жаңа технологиялар мен ақпараттар заманында күн сайын өзгерістер болып жатады, digital-жаңалықтар пайда болып жатады. Бұл мүмкіндіктерді ақпарат құралдарын дамытуға пайдалану қажет. Біздің медиа ондай мүмкіндіктерді пайдаланып та отыр", - деді Жексенбай.

MEDIA EXPO көрмесінің мақсаты - ақпараттық қоғамға көшуге жағдай жасау, отандық ақпарат кеңістігінде бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету және презентацияларды, тұтынушылармен тікелей келіссөздерді жүргізуге тамаша жағдайлар ұсыну. Шараны "Бас редакторлар клубы" қоғамдық бірлестігі Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қолдауымен өткізіп отыр.

MEDIA EXPO-2014 барысында республикалық және өңірлік жетекші бұқаралық ақпарат құралдары таныстырылды. Бұл шараға Қазақстан Республикасындағы шетел елшіліктерінің қызметкерлері, ұлттық компаниялардың, халықаралық ұымдардың баспасөз қызметкерлері, Парламент депутаттары, қоғам қайраткердері, шығармашылық өкілдері, ғылым мен өнер адамдары және журналистер шақырылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети