05 мамыр 2014 19:27

Астанада мүгедектер үшін ғимараттардың қолжетімділігі тексеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Марат Абилов Фото ©Марат Абилов

Астанада мүгедектердің нысандарға қолжетімділігін бақылап, бағалау жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігінің сайтына сітлеме жасап.


Астанада мүгедектердің нысандарға қолжетімділігін бақылап, бағалау жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігінің сайтына сітлеме жасап.

"Қоғамдық топ елордалық нысандардың мүгедектер үшін қолжетімділігін бақылауды және бағалауды қолға алады. Олар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қаншалықты қолжетімді екенін тексереді", - делінген хабарламада.

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өткен айдың соңында бірінші отырыс болып өтті. Шара барысында топ міндеттері айқындалып, жұмыс бағыттары белгіленді. Оның құрамына қала әкімінің Мүгедектер ісі жөніндегі кеңесшісі, "ДОС" тәуелсіз өмір орталығы" ҚБ төрағасы Д.И. Ерділдинова, Қазақ саңыраулар қоғамының Ақмола филиалының төрағасы Ж.Р.Бекбатыров, "Қазақстан мүгедектер конфедерациясы" РҚБ эксперті және менеджері Ж.Сәдуақасов және Н. Даутов, "Қазақ зағиптар қоғамы" ҚБ президентінің орынбасары Д.А.Ефремов  кірді.

Қазіргі уақытта олардың әрқайсысы зерттеу үшін Астананың адамдар ең көп баратын 10 нысанының тізімін жасап жатыр. Мәселенің деңгейін анықтаған соң олар ғимарат иелерімен кездесіп, әрбір мүгедек жан осы мекемелерге ешбір кедергісіз кіруі үшін қандай өзгерістер енгізу қажет екендігін жеткізеді. Сонымен қатар, қоғамдық топ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Астана қаласының қолжетімділік картасын жасауды да жоспарлап отыр. Аурухана, театр немесе үйдің кіреберісі болсын, олар елордамыздың және еліміздің мүгедектері үшін қолжетімді болуы тиіс.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше назар аударуға шақырған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети