06 шілде 2014 11:45

Астанада мың шаршы метр қырлы тас төсеуіш жаңаланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрар Қазанғапов Тұрар Қазанғапов

Астанада қала күніне орай мың шаршы метр қырлы тас төсеуіш жаңаланады. Жергілікті билік осындай мақсат қойып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып. 


Астанада қала күніне орай мың шаршы метр қырлы тас төсеуіш жаңаланады. Жергілікті билік осындай мақсат қойып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып. 

"Қала күніне дейін үлгеру" деген ұранмен қойылған инфографикаға сәйкес қала әкімдігі бес мың шаршы метрден асатын елорда алаңдарындағы қырлы тас төсеуіштерді ауыстыруды мақсат еткен болатын. Сондай-ақ 6 мыңнан астам ағаш, 8 мың түп гүл отырғызу да, 675 га жерді газонға айналдыру да көзделген еді. 

Сонымен қатар әкімдіктің жоспарына 57 ауланы жөндеу, 28 үйдің алдына жаңарту жұмыстарын жүргізу және 200 жарықтандырылған бағаналарды орнатуда кірген. 

Бұған дейін қала күнін мерекелуге 700 миллион теңге бөлінгендігі хабарлады. 

Астана әкімдігі қала күніне орай елорда саябағын жаңартуды да жоспарлап отыр. Қала басшылығы Астана қонақтарын "құрғақ" субұрқақтарымен және уақыт өзенімен, басқада ғажайыптармен таңғалдырмақ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети