Астанада Наурыз мейрамына 300 млн теңгеден астам қаржы кетті

20 Наурыз 2014, 13:17
0
Астанада Наурыз мейрамына 300 млн теңгеден астам қаржы кетті - Фото bnews.kz сайтынан
Фото bnews.kz сайтынан
Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы мәдениет басқармасының директоры Болат Мажағұлов Наурыз мерекесіне жұмсалатын қаржы көлемін жария етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Наурыз біз үшін жай мереке емес қой. Қазақстан халқы үшін оның орны ерекше. Наурыз сияқты қасиетті мерекенің тарихы терең. 1989 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен қазақ халқы бұл мейрамды қайта тойлай бастады. Оны ресми түрде алғаш рет атап өткен күннен бастап ақша бөлініп келеді. Қазір біз бұл іске шағын және орта бизнесті кеңінен тартып жатырмыз. Сөйтіп, шығынның көлемі де азаяды. Дегенмен, аталған шара республикалық деңгейдегі мейрам болғаннан кейін біраз шығындалуға тура келеді. Мен ол шығынның көлемін айта аламын. Алайда Наурыз сияқты мерекеге кеткен ақшаның ақталатынын ескерген жөн. Себебі соның арқасында төл мерекеміздің мәртебесі өседі", - дейді Б.Мажағұлов.

Оның айтуынша, биыл Астана қаласының әкімдігі Наурыз мерекесіне орай сан алуан безендіру жұмыстарына 175 миллион теңге бөлді. Ал мерекелік шараларға 150 миллион теңгеге шығындалды.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай