11 наурыз 2015 11:13

Астанада "Нұр Отан" партиясының XVI съезі өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астанада "Нұр Отан" партиясының XVI кезекті съезі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тәуелсіздік сарайынан. 


Астанада "Нұр Отан" партиясының XVI кезекті съезі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тәуелсіздік сарайынан. 

Съезге қатысу үшін Астанаға 2 мыңға жуық адам келді. Олардың арасында партияның аймақтық конференцияларында сайланған 1200-ден астам делегат бар. Тұңғыш рет съезд делегаттарының 20 пайыздан астамы партияның бастауыш ұйымдарының жетекшілері болып отыр. Басқосуға жиналғандар күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі - "Нұр Отан" партиясы атынан Қазақстан президенттігіне кандидат ұсынуды талқылайды. 

Бұған қоса, съезге қатысушылар партияның саяси кеңесі мен орталық бақылау-ревизиялау комиссиясы жұмысының қорытындыларын да талқылауы тиіс. Съезде еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлері сөз сөйлейді. Олардың қатарында Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков та бар, ол осы жылдың ақпан айында Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастаманы алғаш болып жария еткен еді. 

Айта кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы шешімнің қабылдануына байланысты Мемлекет басшысы "Нұр Отан" партиясының кезекті XVI съезін шақыру туралы қаулыға қол қойған болатын. Сайлау 2015 жылдың 26 сәуірі күні өтеді. Елімізде президенттікке үміткерлерді ұсыну басталып кетті, ол 15 наурызға дейін созылады. Қазіргі уақытта сайлауға түсуге ниет білдірген екі адам ғана Орталық сайлау комиссиясының лингвистика комиссиясының емтиханынан сәтті өтті. Олар - өзін-өзі ұсынушы Лимана Қойшиева мен Қазақстанның коммунистік халық партиясының өкілі Тұрғын Сыздықов. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети