Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Астанада Нұрсұлтан Назарбаев Иван Панфиловтың ескерткішін ашты

07 Мамыр 2015, 12:51
0

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Иван Панфиловтың ескерткішін ашты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі ашылу салтанаты рәсімінен.

Бүгін, 7 мамырда елордадағы Момышұлы мен Жұмабаев көшелерінің қиылысында орналасқан "Жерұйық" саябағында аңызға айналған Иван Панфиловқа арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. 

Салтанатты рәсім барысында Елбасы барша ардагерлер мен ел тұрғындарын Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. "Бұл – Кеңес Одағының Батыры Иван Панфиловқа ғана арналған ескерткіш емес, фашизмге қарсы күреске қатысқан барлық қазақстандықтарға, ұрыс даласында қаза тапқандарға және аман-есен оралып, елді дамытуға орасан еңбек сіңірген ардагерлерге деген тағзым", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тарихи тұлғаға арналған ескерткіш қала саябағының қақ ортасында орналасқан. Оның оң жағында 28 панфиловшының есімдері жазылған стела бар. Осы саябақта генерал Иван Васильевич Панфиловқа арналған аллея да орналасқан.

Астанадағы Иван Панфиловтың ескерткішінің ашылуына оның немерелері Айгүл және Алуа Байқадамовалар келді. Кеңес Үкіметі батырының үлкен немересі ескерткіштің керемет екенін айтты. "Панфилов соғыс алдында қарамағындағыларға танктерден қорықпау керектігін көп айтқан. Ол соғыстың басқаша болатынын жақсы түсінді", - деді Айгүл Байқадамова.

Панфиловтың немересі өзінің анасының соғыстан тыс кезде генералдың атақты адам болғанын айтты. "Ол өте талапшыл болды, бір жағынан өте қамқор жан еді. Оны барлық жауынгердің "батя" деп атауы тегін емес. Рейхстагта "Спасибо, батя, за валенки. Панфиловцы" деген жазу болған", - деді ол.

Еске сала кетейік, бір жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Астанада Панфилов ескерткішін ашу туралы тапсырма берді.

1941 жылы Иван Панфилов 316 атқыштар дивизиясының командирі ретінде Волоколамск бағытында өте ауыр қорғаныс соғысын жүргізді. Ол 1941 жылдың 18 қарашасында Мәскеу облысы Волоколамск айданы Гусенево ауылында неміс миноментті минасынан қаза болды. 1942 жылы Панвиловқа Кеңес Үкіметінің Батыры атағы берілді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай