30 наурыз 2017 17:21

Астанада өтетін бокс кешін Головкиннің командасы ұйымдастырып жатыр - ЕХРО өкілі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

EXPO-2017 көрмесінің қоғаммен байланыс департаменітінің директоры Сергей Куянов Vesti.kz порталына елорда төрінде маусым айында өтетін бокс кешінде орта салмақтағы WBA(Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша Геннадий Головкиннің қатысуы, қатыспауы туралы айтып берді.


EXPO-2017 көрмесінің қоғаммен байланыс департаменітінің директоры Сергей Куянов Vesti.kz порталына елорда төрінде маусым айында өтетін бокс кешінде орта салмақтағы WBA(Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша Геннадий Головкиннің қатысуы, қатыспауы туралы айтып берді.

"ASTANA-EXPO бокс кешін ұйымдастырушы емес. Біз тек бұл бокс кешінің әріптестеріміз. Өйткені, Головкин EXPO-ның ресми өкілі. Ол EXPO-ны әлемнің түкпір-түкпірінде жарнамалап жүр. Көрменің логотипін жекпе-жектеріне қойып жүр. Өкіл ретінде ол EXPO кезінде ол бокс кешін ұйымдастырамын деп уәде берді. Ал бокс кешін ASTANA-EXPO емес, Головкиннің командасы ұйымдастырып жатыр. Сондықтан да бізде әлі нақты мәлімет жоқ, - деді Куянов.

Сонымен қатар EXPO кезінде өтетін екінші бокс кешіне де сіздердің еш қатыстарыңыз жоқ па деген сұраққа, Куянов былай деп жауап берді: "Ол жайында да менде мәлімет жоқ".  

Айта кетейік, бүгін елордамыз Астана қаласында Бүкіләлемдік бокс кеңесінің 55 конвенциясы барысында өтетін бокс кешінінің басты жекпе-жегінде кеңестің чемпиондық белбеуі сарапқа салынатыны анықталған еді.

Бокс кеші EXPO-2017 көрмесі аймағында өтіп, оны әлемнің қырытан аса елінде көрсетіледі. Бірақ бұл кешке қатысатын боксшылардың есімдері әлі анықталмады.

Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети