18 сәуір 2014 17:07

Астанада Панфилов ескерткіші тұрғызылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Генерал-майор И.В.Панфилов.       ©РИА Новости Генерал-майор И.В.Панфилов. ©РИА Новости

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Ұлы Отан соғысының батыры, генерал Иван Панфиловтың ескерткішін тұрғызуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz   тілшісі. 


Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Ұлы Отан соғысының батыры, генерал Иван Панфиловтың ескерткішін тұрғызуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz   тілшісі. 

"Біз Ұлы Отан соғысында жеңіс үшін шайқасып, құрбан болған Қазақстан мен барлық ТМД елдерінің азаматтарын ұмытпауымыз қажет. Бұл отбасыда, мектеп пен университетте, кез келген ұжымда ұрпақ тәрбиелеудің негізгі тірегі болуы шарт. Фашизмді жеңген күннің тарихы өшпеуі тиіс. Сондықтан мамырдың 9-ы біз үшін маңызды күн болып қала береді. Осыған орай, мен Астана қаласының әкіміне біздің жерлесіміз, генерал Иван Панфиловқа арнап ескерткіш орнату мәселесін қарастырып, оның атын қала көшелерінің біріне беруді тапсырамын", - деді Н.Назарбаев сессия барысында.

Президент атап көрсеткендей, сәуір айының басында Ресейдің Псков облысындағы Невель қаласының орталық алаңына полковник Әбілқайыр Баймолдиннің аты берілді. Себебі ол Ұлы Отан соғысы кезінде Невельді азат етуге қатысып, сол жерде ерлікпен қаза болды. "Ұлы Жеңіс күніне орай, оның жатқан жерінде батырдың қола бюстын ашайын деп жатыр. Біз соғыс батырларын құрметтегені үшін барша Ресей халқына өз алғысымызды айтамыз", - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети