06 қазан 2017 16:45

Астанада пәтер алушылар қандай қателік жіберетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада пәтер алушылар қандай қателік жіберетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.


Астанада пәтер алушылар қандай қателік жіберетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, үлестік құрылысқа қатысушының жиі жіберетін басты қателіктері - пәтер алушылардың құжаттармен толық таныспауы.

Астана қалалық "ОДА" үлескерлер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Татьяна Чурсина бірінші кезекте жеке инвестор құрылыс нысанының рұқсаттама құжаттарына назар аударғаны дұрыс екенін айтады.

"Рұқсаттама құжаттары деген не? Ол: компанияда жер телімі, үлгілік жобасы, сараптама және құрылыс жүргізуге рұқсаттама құжаты болуы тиіс. Сатып алуға ниетті адам осы құжаттармен танысқан соң, жобада жоқ пәтерді сатып алмайды. Яғни жобалық сметада 72 пәтер болса, ол өзі қорытыңды жасап, кейбіреулер сияқты үлгіде жоқ 98-ші пәтерді сатып алмайды", - деді төрайым.

Айтуынша, үлескер құрылысты жүргізетін компанияның құжаттарын тексеруі тиіс. Егер оны тексеру өзіне қиындық тудырса, ол осы жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істей бастаған үлескерлерді қолдау орталығына жүгінуге болатынын айтады.

"Орталықта прокуратура, қалалық ІІБ, мемлекеттік кірістер департаменті, әділет басқармасы, сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдері отырады. Орталық қызметкерлерінің міндеті, арызданушыдан арыз қабылдап, сол арыз негізінде көмек көрсету", - делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.

Әкімдіктің мәліметінше, қазір орталық аптасына үш күн жұмыс істейді. Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері, сағат 9-дан 12-ге дейін "Сарыарқа" ХҚК орталығында қабылдайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети