14 шілде 2016 12:57

Астанада полицейлер әріптестерінің өкінгені түсірілген видеоны көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада жергілікті полиция қызметкерлері сыбайлас жемқорлық дерегімен ұсталып, жазасын өтеп жатқан қызметтестерінің осы қылығына өкінгені түсірілген видеоны таңғы сағат 6-да көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада жергілікті полиция қызметкерлері сыбайлас жемқорлық дерегімен ұсталып, жазасын өтеп жатқан қызметтестерінің осы қылығына өкінгені түсірілген видеоны таңғы сағат 6-да көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Астана әкімдігінде өткен жиын барысында Астанадағы жемқорлық деңгейі жоғары құрылымдар аталған болатын. Осыған байланысты жергілікті полицияның басшылығы қаладағы жол полицияларына осыған ұқсас жиын өткізуді ұсынған еді.

"Жол полиция қызметкерлерінің жұмыс кестесін ескере отырып, 14 шілдеде таңғы сағат 6-да Оқушылар сарайында Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіндегілер таңғы ауысым уақытында ұйымдастырған 400 жол полиция қызметкеріне арналған дәріс өтті. Сонымен қатар, жол полиция қызметкерлеріне мұндай дәрістің алғаш рет өткізіліп отырғанын айта кету керек", - делінген хабарламада.

Іс-шараны жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев бастады. Кейінірек Ұлттық бюро төрағасының орынбасары сөз сөйледі. Сонымен қатар, моральдық-этикалық принциптерді сақтамау жол полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысында басым болып отырғаны айтылды.

"Құқықтық статистика органдарының мәліметтері келтірілді. Сол мәліметтерге сүйенсек, әр бесінші жемқорлық Астана қаласының ішкі істер органдарында кездеседі. Олардың ішінде қылмыстық жауапкершілікке жиі тартылатындар пара алғандар мен өкілеттік қызметті асыра пайдаланғандар екені анықталды", - деді Ұлттық бюроның баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ аймақтық бөлімшелері мен құрылымдарының басшыларына қатысты жаңа жемқорлық деректері айтылды.

"Барлығының назары Астана қаласындағы жол полиция қызметкерлерінің жемқорлықпен ұсталғаны түсірілген видеода болды. Ол видеода залда отырғандардың қызметтестерінің пара алғаны үшін сотталып, жазаларын өтеп жатқаны, сонымен қатар бұрынғы полицейлердің осы іске өкінгені түсірілген. Әсіресе, Д.Еділов пен Б.Оспановтардың, яғни қалалық полицияның бұрынғы қызметкерлерінің осы іске өкінгені видеода айрықша көрсетілген", - деді Ұлттық бюродағылар.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегілер жол полиция қызметкерлеріне жемқорлықпен айналысудың салдарын түсіну үшін бас бостандығынан айырудың орнына осындай шараларды қолдануды ұсынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети