28 қазан 2016 15:05

Астанада республикалық әкелер форумы өтуде

ПОДЕЛИТЬСЯ

astana.gov.kz astana.gov.kz

Елорданың Оқушылар сарайында Астана әкімдігінің және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен І Республикалық әкелер форумы өтуде, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Шараның мақсаты - бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлін күшейту, отбасы институтын нығайту және тиісті отбасылық тәрбие мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Форум жұмысына Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, және еліміздің барлық аймақтарынан ата-аналар қоғамының өкілдері қатысуда.

"Форум республикалық деңгейде алғаш рет өтіп отыр. Алайда шараны өткізудің басты идеясы осыдан үш жыл бұрын Астана қаласының №59 мектебінің базасында пайда болған. Осы уақыт ішінде әкелердің екі қалалық слеті өткізілді. Бүгінгі күні шараның ауқымы ұлғайып отыр. Бұл форум  бала тәрбиесіндегі әкелердің беделін арттыруға ықпал етіп, отбасылық құндылықтардың дамуына және нығаюына серпін беретініне сенімдімін", - деді Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.

Форум шеңберінде әр аймақтан келген үлгілі делегат-әкелерге Ұлттық комиссия атынан дипломдар табыс етілді. Күннің екінші жартысында қатысушылар дөңгелек үстел басында кездесіп, әке институтын дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети