Астанада сабақ үстінде оқушы көз жұмған мектеп директоры қатаң сөгіспен құтылды

11 Ақпан 2017, 00:04
0
Астанада сабақ үстінде оқушы көз жұмған мектеп директоры қатаң сөгіспен құтылды -

Астанада сабақ үстінде оқушы көз жұмған мектеп директоры мен орынбасары қатаң сөгіс алды, - деп хабарлайды "Астана" арнасы. 

Оқиға болған №59 мектепте қызметтік тексеріс жүріп, білім мекемесінің оқиғаға кінәлі қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды.

"Қызметіне салғырт қараған мектеп директоры Жұмабековаға, директордың ғылыми-методикалық жұмыс бойынша орынбасары Сердінбаева және сынып жетекшісі Байболоваға қатаң сөгіс жарияланды. Ал орыс тілі пәнінің мұғалімі Сәуленбекова қызметінен босатылды", - дейді Астана қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Әнуар Жанғозин.

Көз жұмған Темірұлан Диханбаевтың туыстары бұл шешімге көңілдері толмайтынын айтады. Олар сот органдарынан қосымша тексеріс жүргізуді сұраған. 

"Меніңше, директорға қатаң сөгіс беру - тым жеңіл жаза. Бұл тәртіптік жаза ғана. Біздің қолымызға тиісті құжаттар түссе, бірден білім министрлігі мен әкімшілікке барамыз. Өтірік ақпарат таратқаны үшін білім басқармасының басшылығы да жауап беруі тиіс", - дейді көз жұмған оқушының ағасы Бауыржан Мусин.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 30 қарашасында Т. Диханбаевтың өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы бойынша ("Абайсызда қазаға ұшырату") сотқа дейінгі тергеу басталған болатын. "2016 жылы 30 қарашада Астананың №59 мектеп-лицейінде, бесінші сабақтың соңында (шамамен 12:12-де) 28.04.2002 жылғы 8 "Ж" сыныбының оқушысы өзін нашар сезінген. Мұғалім дереу мектептің медициналық қызметкерін шақырған. Жедел жәрдем келгенше балаға қолдан дем алдыру жасаған. 25 минуттың ішінде жедел жәрдем келіп, өз кезегінде жансақтау шараларын жалғастырған. Алайда баланы құтқарып қалу мүмкін болмаған. Алдын ала болжам бойынша диагнозы: жүрек жеткіліксіздігі", - деген еді Астана қаласының Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай