17 қазан 2014 20:23

Астанада салынатын жаңа саябақтың көлемі шамамен 5 гектар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Pm.kz ©Pm.kz

Астанада салынатын жаңа саябақтың көлемі 4,88 гектар болады. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты жолдаған ресми сауалға Астана әкімдігінің берген жауабында айтылды. Елордадағы жаңа саябақты Жауқазын және Мақатаев атындағы көшелердің қиылысында "Арай" саябағына жақын тұрған жасыл аумақта салу жоспарланған.

Ведомство өкілі қаланың бас жоспарына сәйкес, қалалықтардың тағы да бір демалатын орны болуы үшін салынып жатқанын айтты. "Жер телімін таңдау мен келісім актына сәйкес, жаңа саябақ салуда үйлерді құлату қарастырылып жатқан жоқ, - деді әкімдік өкілі. Астанадағы саябақ жобасында түрлі-түсті музыкалық субұрқақ, балалар және спорт алаңдары, тұрмыстық ғимараттар мен кіреберісте бірнеше автотұрақ құрылысы қарастырылған. Дайындық жұмыстары 2014 жылдың қарашасында басталмақ.

Еске сала кетейік, Астанада жаңа саябақ салуға шамамен 1,66 миллиард теңге жұмсалады. Бұл сома тендер арқылы бөлінген. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қаланың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети