Астанада саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың халықаралық форумы өтті

21 Қазан 2016, 16:07
0
Астанада саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың халықаралық форумы өтті - © 24.kz
© 24.kz

Астанада өткен саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың халықаралық форумында тәуелсіздік белестері кеңінен сөз болды, - деп хабарлайды 24 Хабар арнасы.

Шетелдік сарапшылар егемендік жылдары еліміздің экономикасы қарыштап дамығанын айта келе, бұл дұрыс жүргізілген саясат пен тұрақтылықтың арқасы екенін тілге тиек етті.

Бұл форумда тіс қаққан саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар бас қосты. Шараның ауқымдылығы соншалық, тіпті шетелдік белді сарапшылар да арнайы келді. Сала мамандары алдымен қазақ елінің 25 жылда бағындырған жетістіктерін сөз етті. Жаһандық дағдарысқа қарамастан еліміздің экономикасы дамып, сырттан 100 млрд доллар инвестиция тартылды. Орта және шағын бизнес мемлекеттік қолдаудың арқасында дамып келеді. Отандық өнім әлемнің 111 мемлекетіне саудаланып жатыр. Білім мен денсаулық сақтау әлеуметтік қамсыздандыру салаларында маңызды реформалар жүзеге асты. Соңғы 15 жылда мың аурухана мен 100 мектеп, 4 мың балабақша салынып, жөндеуден өтті. Бастысы, еліміздің әрбір аймағында өсім байқалады. Ендігі меже - әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінін қатарына кіру.

Бағлан Майлыбаев, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары:

"Тәуелсіздік - мәңгілік құндылық. Егемендік - ел тарихындағы жаңа дәуірдің бастауы. Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы табыстары Елбасының ерен еңбегінің жемісі. Қазақстан 25 жылда әлем төріне озды. Елбасы ұсынған Ұлт жоспары тәуелсіздікті нығайта түсудің бірегей жолы. Оны мұқият іске асыру бәрімізге ортақ парыз".

Санаулы уақыттың ішінде мұндай жетістікке жеткен ел саусақпен санарлық. Осылай деген халықаралық сарапшылар Қазақстанның даму қарқынына таңданысын жасыра алмады.

Яо Пейшэн, Қытай Халық Республикасы СІМ елшісі:

"Қазақстан біздің ең жақын көршіміз. Сіздердің елдеріңіз 25 жылда қарыштап дамыды. Қазақстанның орнықты даму үлгісі көптеген мемлекеттердің қызығушылығын тудырып отыр. Әрине, бұл жетістік ынтымағы жарасқан халық пен Президенттің арқасы. Білікті жетекші болмаса, мұндай толағай табысқа жету мүмкін емес".

"Қазақстанды бұрынғы Кеңестік республикалармен салыстырсақ, сіздердің дамудың даңғыл жолына сәтті қадам жасағандарыңызды байқауға болады. Қазақстан даму көрсеткіші бойынша көптеген елдерді басып озды. Мәселен, бір ғана "Болашақ" бағдарламасының аясында студенттер әлемнің жетекші оқу орындарында білім алып, елге келіп жұмыс істеп жатыр. Осының барлығы Қазақстан Президентінің тұрақтылық пен ұлтаралық ынтымақтастыққа негізделген саясатының жемісі", - дейді Қазақстан-неміс университетінің президенті Кайзер Маркус.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай