20 қараша 2015 15:48

Астанада SCAT ұшағын қар тазалайтын көлік соғып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© airlines-inform.ru © airlines-inform.ru

Астана әуежайында SCAT әуе компаниясы ұшағының қатысуымен келеңсіз оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана әуежайында SCAT әуе компаниясы ұшағының қатысуымен келеңсіз оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

SCAT мәліметтері бойынша, бүгін Астана әуежайының перронын қардан тазалау кезінде қар тазалайтын көлік Bombardier CRJ-200 ұшағының оң жақ қанатына зақым келтірді.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Ұшақ қанатының алдыңғы ернеуін ауыстыру үшін ол кестеден шығарылды.

"Бұл әуе кемесімен орындалуы тиіс болған рейс резервтік ұшақпен орындалады", - деді баспасөз қызметіндегілер. Сонымен қатар, Астана әуежайындағылар бұл деректі растап, комиссияның шығынды есептейтінін жеткізді. Сондай-ақ, қар тазалайтын көлікке ешқандай зақымның келмегені анықталып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети