Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 324.98
EUR / KZT - 378.34
CNY / KZT - 48.01
RUB / KZT - 5.53

Астанада Ішкі әскерге қарасты казарма өртенді

29 Қаңтар 2014, 10:03
0
Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Астананың Алматы ауданында ҚР ІІМ Ішкі әскеріне қарасты № 6636 әскери бөлімінің казармасы өртенді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"28 қаңтар күні сағат 19.31 шамасында Досмұхамедұлы көшесі, 2-үйде орналасқан казарманың екіқабатты ғимаратының жертөлесінде заттар өртенді.Өрт 19.48-де ауыздықталып, 19.58-де залалсыздандырылды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Төтенше оқиға салдарынан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өртті Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 25 қызметкері сөндірді. 9 техника жұмылдырылды.

Қаңтардың 28-і күні сондай-ақ, Ақмола облысындағы Макинск қаласында "Қазавтожол" кәсіпорны филиалы ғимаратының шатыры өртенді, жалын 100 шаршы метрді шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.

Ал Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында "Қазақмыс" корпорациясына қарасты Артемьев кенішінде ғаша құрастырмалардан тұрғызылған нысан отқа оранды. Тілсіз жау бір тәулікке созылды. Жұмысшылар аман, бірақ осы оқиғаның салдарынан кеніште жұмыс уақытша тоқтатылды. Өрт 125 шаршы метрді шарпыған.

Солтүстік Қазақстан облысында бір саунаның шатыры өртеніп кетті, нысанның 600 шаршы метрі жанған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Еске сала кетейік, қаңтардың 27-сі күні Қарағанды қаласында тергеу изоляторының қоймасы өртеніп кеткен еді. Зардап шеккендер жоқ, төтенше оқиға кезінде ғимараттағы 142 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай