29 сәуір 2016 | 12:06

Астанада шілденің соңында жаңа веложолдар пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астана қалалық мәслихатында велоинфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астана қалалық мәслихатында велоинфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, Астанада велосипед қозғалысын ұйымдастыру үшін Сәулет және қала құрылысы басқармасымен бес жылдық даму жоспары әзірленіп, бекітілді. Осы жоспар аясында веложолдар салынып, велосипедтерді жалға беру пункттері ашылады.

"Біз Қорғалжын тасжолынан Қарқаралы тасжолына дейін веложол салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірледік, қазіргі кезде жасыл белдеу аумағының мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды, жол салуға конкурс жарияланды. Шілде айының соңына дейін жолды салып бітіп, пайдалануға беру жоспарланған", - деді Астана қаласының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Исаев.

Айта кетейік, мәслихат депутаттары бейберекет қоқыс тастау, үйлердің аулаларындағы қоқысты жинау, сонымен қатар, энергия үнемдегіш және құрамында сынап бар шамдарды жинауға арналған контейнерлердің жағдайына қатысты мәселелерді де көтерді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети