25 мамыр 2015 10:25

Астанада Сирия оппозициясы өкілдерінің келіссөздері жабық есік түрінде өтетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Астанада бүгін басталған сириялық оппозиция өкілдерінің келіссөздері жабық есік форматында өтетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, келіссөздер 27 мамырға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін мамыр айының соңында Астанада Сирия оппозициясы өкілдерімен келіссөздердің өтетіні хабарланған болатын. Осыған дейін Сирия оппозициясының өздеріндегі жағдайды реттеуге қатысты келісімдер өткізуге көмектесуді өтініп Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми хат жолдағанын Сыртқы істер министрлігі растады. Ведомство Қазақстан БҰҰ, Араб мемлекеттер лигасы, АҚШ, РФ өкілдік еткен халықаралық қауымдастықтың қабылдап отырған шараларын, сонымен қатар сириялық билік пен оппозицияның зорлық-зомбылық пен қантөгісті тез арада тоқтату мақсатында өзара үнқатысу мен татулық арқылы Сирияның саяси болашағын айқындауға бағытталған күш-жігерін қолдайтынын хабарлады.

Айта кетейік, Астанада Сирия оппозициясы өкілдерімен келіссөздер барысында гуманитарлық көмек жеткізу және шиеленісті шешудің саяси жолдары қаралады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети