Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздер аяқталды

24 Қаңтар 2017, 18:08
0
Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздер аяқталды -

Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздер аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 қаңтарда шамамен сағат 14.00-де басталған келіссөздер 24 қаңтарда түстен кейінгі уақытта аяқталды. Қорытынды құжаттың мәтінін Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов оқыды.

Сирия оппозициясының өкілдері Ресей, Түркия тараптары мен БҰҰ арнайы елшісінің қатысуымен өткен келіссөздерді нәтижелі деп атады. Тараптар әлемдегі атыс-шабысты тоқтату мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, гуманитарлық жағдай мен тұтқындарды босату жайлы айтылды.

Сондай-ақ, кеше келіссөздер барысында Қазақстанның СІМ вице-министрі Роман Василенко бастапқыда келіссөздерге қатысушылардың барлығының бір үстел басында әңгімелескенін, бірақ кейіннен олардың келіссөздер бөлмесіне кетіп қалғандарын айтқан болатын.

"Әрбір делегация үшін арнайы келіссөз бөлмесі бар: санап көріңіздерші, үш демеуші мемлекет, БҰҰ, Үкімет және оппозиция", - деді Роман Василенко.

Еске сала кетейік, кеше, 23 қаңтарда Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздер басталған болатын. Келіссөздер елордадағы Rixos President Astana мейманханасында жабық тәртіпте өтіп жатыр. Сондай-ақ, кеше Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнаулы елшісі Стаффан де Мистурамен кездескен болатын. Нұрсұлтан Назарбаев Сирия мәселесі бүгінде Таяу Шығысты ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырғанын атап өткен еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай