02 ақпан 2017 09:03

Астанада "Сирияға қатысты келісімдердің" техникалық талқылауы өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сюжет кадры. © astanatv.kz Сюжет кадры. © astanatv.kz

6 ақпан күні Астанада БҰҰ өкілдерінің қатысуымен "Сирияға қатысты келісімдердің" техникалық талқылауы өтеді. Бұл туралы халықаралық ұйым хатшылығының Сирия мәселесі бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Келісім барысында соғысты тоқтату келісімінің механизмдері қаралмақ. Бұған дейін кездесудің 20 ақпанға белгіленгені айтылған еді. Саммит бұл жолы да АҚШ өкілдерінің қатысуынсыз өтуі мүмкін. Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Кролл кездесуге шақырту болмағанын айтты.

Ал 23-24 қаңтарда өткен "Астана процесіне" БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі жоғары баға беріп отыр. Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері бұл басқосуды "Сириядағы бейбітшілікке ықпал ететін нақты қадам" деп бағалаған. Әсіресе дөңгелек үстелге билік басындағылармен қатар оппозиция мүшелерінің де келуі үлкен рөл ойнады деген пікірде.

"Астанада өткен Сириядағы соғысты тоқтату туралы келісімге 13 бірдей қарулы топ мүшелері келсе, екінші жағынан үкімет мүшелері келді. Бас қосқандардың бейбітшілік туын желбіретуге қосатын үлесі айтарлықтай. Бұл бағытта үш бірдей мемлекет - Ресей, Түркия және Иран - кепіл болып отыр", - деді БҰҰ хатшылығының Сирия мәселесі бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети