Астанада соғыс адагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
@Тұрар Қазанғапов @Тұрар Қазанғапов

Астанада Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қызметкерлер ардагерлердің қыс бойы аулада жиналған қарларын шығарып, үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізген.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қызметкерлер ардагерлердің қыс бойы аулада жиналған қарларын шығарып, үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізген.

"Ұйымдастырылған акцияның басты мақсаты - Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық пен құрмет көрсету. Департамент қызметкерлерінің патриоттық сезімін ояту және азаматтарды үлкендерді сыйлауға шақыру" - делінген баспасөз хабарламасында.

"Бұл мен үшін ең үлкен көмек. Жас келген сайын дене еңбегіне жарамсыз болдық. Сондықтан ауладағы қарды шығару маған өте қиын", - деп соғыс ардагері Мұхтар Беркінбаев ризашылығын білдірді.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары Серік Шаламбаевтың айтуынша, департамент қызметкерлерінің бұл бастамасы ұрпағының бейбіт өмірі үшін күрескен соғыс ардагерлеріне көрсетілген құрметтің ең аз ғана бөлшегі. "Біз үшін олардың көңіл-күйін көтеру өте маңызды", - деді ол.

Қазір елімізде Ұлы Отан соғысының бес мыңға жуық ардагері қалды. Еске сала кетейік, 70 жылдық мерекеге орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне жалпы сомасы 5,6 миллиард теңгеден асатын бір реттік материалдық көмек төленетінін хабарлаған болатынбыз. Ардагерлердің Астана мен Мәскеу қалаларында өтетін мерейтойлық шараларға баруы үшін бюджеттен тағы 61,8 миллион теңге бөлінеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.07  course up  617.81  course up  6.81  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer