06 қаңтар 2017 10:35

Астанада соңғы 10 жылда жаумаған қар биыл рекордтық мөлшерде түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Соңғы жылдары елорданың климаттық жағдайлары күрт өзгеріп, әдеттен тыс суық ауа райымен, бұрқасындармен және қардың қалың түсуімен ерекшеленді. Атап айтқанда, биыл қалада бұрын-соңды болмаған мөлшерде қар жауды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап. 

"Синоптиктердің хабарлауынша, мұндай қалың қар елордада соңғы он жылда жаумаған. 2016 жылғы 13 қазан мен 2017 жылғы 3 қаңтар аралығында қар полигондарына 2 млн текше метр қар шығарылған. Ал жалпы, жиналған қардың көлемі үш млн текше метрге жуықтады. Өткен жылдардың хронологиясы бойынша бұл көрсеткіштер жиналған қардың көлемінен бірнеше есе артық. Өткен жылдарға жүргізілген талдау көрсетіп отырғандай, 2014 жылы 3,2 миллион тонна, 2015 жылы  3,4 миллион тонна, ал 2016 жылы 2,9 миллион тонна қар шығарылған", - делінген сайт жаңалығында. 

Қазіргі уақытта коммуналдық және жедел қызметтердің барлық күштері  қаланы санитарлық тазарту жұмыстарына бағытталған. Ең алдымен, әлеуметтік маңызды нысандардың аумақтары тазартылуда: мектептер, ауруханалар, балабақшалар, жаяу жүргінші жолдары және қоғамдық көлік жүретін жолдар. Тұрғын үйлердің аулалары мен орамішілік телімдердің аумағын жергілікті ПИК-тер өз күштерімен жинайды.  

Жалпы механикаландырылған жұмыстарға 2177 арнайы техника, қолмен жинау жұмыстарына - 2708 адам тартылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети