10 сәуір 2014 13:29

Астанада тағы екі мектептің асханасы жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото astana.gov.kz сайтынан Фото astana.gov.kz сайтынан

Астанадағы №3 мектеп-гимназиясында оқушылар асхана тамағынан уланғаннан кейін қалада тағы екі мектеп асханасы жабылды. Себебі оның барлығына бір кәсіпкер қызмет көрсеткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық білім беру басқарамасына сілтеме жасап. 


Астанадағы №3 мектеп-гимназиясында оқушылар асхана тамағынан уланғаннан кейін қалада тағы екі мектеп асханасы жабылды. Себебі оның барлығына бір кәсіпкер қызмет көрсеткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық білім беру басқарамасына сілтеме жасап. 

Басқарма басшысы Эльмира Суханбердиеваның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде №3 мектеп-гимназиясы оқушыларының улануы бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық станцияның мамандары ол жерге тауар тасыған кәсіпкерді анықтауы тиіс. "Бүгінде оқушылардың улану оқиғасы бір мектепте болса да, біз қалалық прокуратурамен келісе отырып, №3 мектеп-гимназиясымен бірге №18 және №52 мектеп асханаларының жұмысын тоқтаттық. Істің мән-жайы анықталғаннан кейін тиісті шешім қабылданатын болады", - дейді Э.Суханбердиева.

Білім басқармасының басшысы атап көрсеткендей, №3, №18 және №52 мектептердің асханасы жаңа кәсіпкердің қолына көшкен бойда мектеп әкімшілігі мен ата-аналар ұжымы оның тамақ пен қызмет сапасын ұнатпай қойған. "Біз өз тарапымыздан белгілі бір уақыт береміз. Ол конкурсты ұтып алды ғой. Осыған орай, өз жауапкершілігін түсінуі тиіс", - деді Э.Суханбердиева. Маманның айтуынша, маусымның 1-інен бастап мектептегі тамақтануды ұйымдастырудың жаңа ережелері күшіне енгеннен кейін осы саладағы жағдай жақсарады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети