20 қазан 2016 16:56

Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ғылыми конференция өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ширек ғасыр аралығында қазақ елі батыс пен шығыс үшін тұрақты, толерантты мемлекетке айналды. Дүниедегі діни дүрбелең террорлық сойқан жүріп жатқан тар жол тайғақ кешу кезеңде Қазақстан өңірлік және әлемдік ынтымақстыққа жол бастады. Бұл туралы "Қазақстан және Еуразия кеңістігі: қазіргі заман мен даму келешегі" атты халықаралық ғылыми конференцияда айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24 Хабар сайтына сілтеме жасап.

"Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы - өткенді сараптап, бүгінді бағалайтын, ертеңге бағдар түзетін меже", - дейді мамандар. Жиынға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Парламент депутаттары, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Конференция барысында сарапшылар елдің даму тарихын талдап, жетістігін зерделеді. "Еуразиялық" идеясы қазіргі заманғы геосаяси және геоэкономикалық ахуалдың тәжірибесінен негізге ала отырып, жаңа тынысқа ие болды. Бүгінде бұл идея толыққанды өңірлік бірлестікке айналған Еуразиялық экономикалық одақта ойдағыдай іске асып жатыр. Қазақстанның осы одаққа төрағалық ету жылында ұйымдастырылған конференция жаңа бастамалармен толығып, еуразиялық интеграция дамуына үлес қосарына сенемін", - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова. 

Сонымен қатар, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов 25 жылдың ішінде біз мемлекеттің құрылғанын айтып өтті. "Тату тәтті ел қалыптастырдық, мәңгілік елге ұлы дала жерінде аяқ бастық. "Еуразияшылық" рух бізде бар. Оның орталығы да Қазақстан болуы керек, ұлы дала болуы керек, оның орталығындағы ең басты тұлға қазақтар болуы керек", - деді ректор.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети