13 желтоқсан 2014 16:39

Астанада техникалық ақауы бар автобустарды линияға шығара берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет - Тұрар Қазанғапов Сурет - Тұрар Қазанғапов

Полиция қызметкерлері Астанадағы қоғамдық көліктердің бір күндік жұмысы кезінде жіберген 300-ден астам заң бұзушылығын тіркеді деп хабарлайды Астана ІІД әкімшілік полициясы басқармасының баспасөз хатшысы Лариса Красниковаға сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

 Астананың Ішкі істер депаратменті желтоқсанның 12-сі мен 14 аралығында "Құқықтық тәртіп" шарасын өткізеді. Сонымен қатар әкімшілік полиция басқармасы "Автобус" шарасын да өткізді. 

"12 желтоқсанда полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілері жіберген 300-ден астам заң бұзушылықты тіркеді. Негізгі заң бұзушылықтар - рөлде отырып, қалта телефонымен сөйлесу, қауіпсіздік белдігін тақпау және т.б. Техникалық ақауы бар автобустарды линияға шығарғаны үшін автобус паркінің бес құзырлы өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды" дейді Красникова.

"Біз қоғамдық көлікті тексеру туралы шешім қабылдадық. Өйткені соңғы кездері автобустардың қатысы бар жол көлік оқиғасы жиілеп кетті" дейді ол.

Еске сала кетелік, 22 қарашада №43 автобус бетон шайқағышы бар көлікпен соқтығысып қалған. Бұл жол көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалған. Осыған дейін бір күн бұрын, яғни 21 қарашада жүк тиеген К-700 тракторы №12 автобуспен соғылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети