09 қараша 2017 16:39

Астанада төртінші аудан құрылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада төртінші аудан пайда болады. Бұл туралы қалалық Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының жетекшісі Ерғали Егемберді мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астанада төртінші аудан пайда болады. Бұл туралы қалалық Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының жетекшісі Ерғали Егемберді мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астана мәслихатының отырысында депутаттар "Сарыарқа" ауданы бюджет есебінен дұрыс қамтамассыз етілмейтінін айтты. Ерғали Егемберді аумақтарды абаттандыруға арналған қаржы төртінші аудан ашылғанда толықтай бөлінетінін мәлімдеді. 

"Қазір төртінші ауданды құру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл аудан құрылған кезде, екі-үш айдан кейін, әкімдік сол Өндіріс, Кирпичный ауылдарының мәселесіне назарын толық аударады. Сол кезде депутаттармен бірге осы төртінші аудан бағдарламасын құрамыз. Соның ішінде абаттандыру мен жарықтандыру мәселелерін", - дейді Егемберді. 

Қазір Астана үш ауданға бөлінеді: Алматы, Есіл және Сарыарқа.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети