08 наурыз 2014 11:08

Астанада тұрғын үй өртеніп 2 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынды Сурет Tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынды

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі азамат қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Төтенше жағдайлар министерлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өрт 7 наурыз күні 5 қабатты көп пәтерлі үйде болған. Жалын бірінші қабаттағы 30 шаршы метр аумақты шарпыған. 4 азамат газдан уланып, оның екеуі қайтыс болды. Төтенше оқиға болған жерден 12 адам көшірілді, олардың 3-еуі бала. Өртті сөндіруге Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 31 маманы мен 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Cонымен қатар, ТЖМ жанындағы ГУ "ЦМК" мекемесінің 3 жұмысшысы мен 1 техникасы тартылды. Төтенше жағдайлар министерлігі 7 наурыз күні Алматы қаласында жер үйде өрт болып, 1948 жылы туған әйел азамат көз жұмғанын хабарлады. Сондай-ақ, Ақмола облысы Бектау ауылында да газ балон қою кезінде жарылыс орын алып, 1954 жылы туған ер азамат көз жұмып,уланған әйелі ауруханаға жеткізілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети