Астанада тұрғындар зәулім үй құлап кете ме деп қорқып отыр

17 Қаңтар 2017, 18:53
0
Астанада тұрғындар зәулім үй құлап кете ме деп қорқып отыр - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астанадағы көпқабатты зәулім үйдің тұрғындары үйдің аянышты күйін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана тұрғыны Дина Әбдікенова өзі мен тағы да жүздеген отбасының басына түскен мәселе жайында айтып берді.

"Тұрғын үй кешені мен ондағы 1000 отбасының тағдырына алаңдап отырмыз. Үй бір күні құлап кете ме деп қорқамыз. Пәтер иелері барлық инстанцияға бірнеше рет шағымданған, соның ішінде әкімдік пен тұрғын үй инспекциясына да. Үйдің аянышты жағдайын айттық", - деп жазды Дина Әбдікенова Facebook желісіндегі "Астана, мақтағым/шағымданғым келеді" ("Астана, хочу похвалить/пожаловаться") тобының парақшасына.

Бұл 2016 жылы Астанаға нөсер жауындар жауға кезде тұрғын үй комплексінің холында түсірілген видео.

"Жоба бойынша бізде субұрқақ, қысқы бақ, бассейн, балабақша болуы керек еді. Мұның ешбірі жоқ. 2011 жылдан бері пандустан, галереядан су тамшылап тұр. Холл пандус астында, бұл холл бәрімізге ортақ. Үйге кіру үшін осы холлдан өту керек, ал оның төбесінен әр маусымда су тамшылап тұрады. Жай ғана су тамшыламайды, шелектеп құйғандай болады", - дейді "Северное Сияние" тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дина Әбдікенова Tengrinews.kz тілшісіне.

Дина Әбдікенова әлеуметтік желі арқылы биліктен көмек сұрады. Билік өкілдері де бұл шағымдарды назарға алды. 

"Әкімдікте Сергей Хорошун бастаған жұмыс комиссиясы құрылды. Тұрғын үйді салған компания өкілдері, МСҚБ, "Астанаэнергосату" сәулетшілері, лифт компаниясы қатысқан жиын өтті", - деп хабарлады Дина Әбдікенова. Пәтер иелеріне жөндеу жұмыстары көктемде басталады деп уәде беріліпті. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай