22 ақпан 2014 13:49

Астанада тұрғындарға оқ атпақ болған адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

kuzbasseco.ru сайтынан kuzbasseco.ru сайтынан

Қазақстан ІІД қарасты №5573 әскери бөлімнің әскери қызметкерлері Астанада тұрғындарға қару кезенген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Интерфакс-Қазақстан сайтына сілтеме жасай отырып. "Түн ортасына қарай Астана көшелерінің бірінде қайғылы оқиға орын ала жаздады. Белгісіз ер адам қолындағы аңшылық қаруын көшедегі тұрғындарға кезеп, оқ атпақшы болған. Абырой болғанда бұл жағдайды дер кезінде көрген әскерилер әлгі адамның оқ атуына жол бермеді", – деп көрсетілген ішкі әскер баспасөзінің хабарламасында. "Өзіне қарай келе жатқан патрульді көрген қарулы адам қашып, автокөлікке жасырынбақшы болған. Алайда полиция қызметкерлері мен әскер сарбаздарының бірлесіп жасаған әрекетінің арқасында қылмыскер қашып құтыла алмады", делінген хабарламада. Ұсталған адамның қаруы мен оның оқтары тәркіленген. Ал өзі тергеу жүргізу мақсатында Ішкі істер басқармасына жеткізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети