Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Астанада ҰБТ-2015 қалай өтіп жатыр

02 Маусым 2015, 10:30
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Tengrinews.kz тілшісі елордадағы ҰБТ өтетін пункттерге барып қайтты. Олардың бірінде - Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетте емтиханның басталу барысын білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов қадағалады.

Мектеп түлектері ЕҰУ алдында таңғы сағат 07.30-дан бастап тұрды. Емтихан сағат 09.30-да басталды. Олар аздап қобалжып, күйгелектеніп күліп, жатар алдында жаттаған сұрақтарын қайталады. 

ҰБТ-2015-ке 87 783 түлек 165 пунктте қатысады, соның ішінде 62 385-і қазақ тілінде және 25 398-і орыс тілінде тапсырады. Түлектердің қолында - бір шөлмектен су, шоколад, бірнеше қалам. Кейбір түлектерге "сәттілік визиткасы" табыс етілді, олар сол жерде армандаған нәтижелерін көрсете алады. Шын мәнінде ол - қазақстандық ЖОО бірінің жарнамасы. ЖОО өкілдері осы сәтті пайдаланып қалуды ұйғарыпты.

Комиссияның мәліметінше, артық заттың барлығы кіреберісте алынады. Түлектер бірнеше тексеруден өтеді. Министрлік мамандарының айтуынша, қыздарды әйел адамдар, ал ұлдарды ер адамдар тексереді.

Пунктке кіретін жерде "Жедел жәрдем" тұр.

ЕҰУ-де емтиханның басталу барысын білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов қадағалады. "Біз бүгін ҰБТ-ны бастаймыз. ЕҰУ-де үш аудиторияда астаналық мектептердің түлектері тестілеуден өтеді. Бүгінгі таңда бізде барлығы дайын тұр, 165 пункттің барлығы жұмыс істейді. Биыл мектепті 120 мыңнан аса оқушы бітірді, олардың 70 пайызы ҰБТ тапсырады. Биыл бірқатар өзгерту енгізілді - аттестатқа орташа баға қойылады (ҰБТ баллы мен жылдық бағаның орташа көрсеткіші), қорытынды testcenter.kz сайтында болады, соған өз кодың мен ЖСН-ің арқылы кіріп, тексеруге болады. Біз шамамен 20 мың сұрақты жаңарттық, сұрақтардың басым бөлігі білімді көрсету мақсатында логикалық ойлауға арналған", - деді ол.

Сәрінжіпов түлектерге сәттілік тілеп, гаджеттерге емес, өз білімдеріне сенуге кеңес берді, ал ата-аналарды қобалжымауға шақырды.

Ғимаратқа кіретін жерге мониторлар орнатылған. Ата-аналар мен түлектердің туыстары онлайн режимінде балаларының емтиханды қалай тапсырып жатқандарын көре алады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай