20 шілде 2018 13:53

Астанада ұшақ ұшып-қону жолағынан шығып кетті: Қасымбек персоналдың қателігі жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/caakaz/ © facebook.com/caakaz/

Астанада ұшақ қызметкерлерінің салдарынан ұшақ ұшып-қону жолағынан шығып кеткен. Бұл туралы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада ұшақ қызметкерлерінің салдарынан ұшақ ұшып-қону жолағынан шығып кеткен. Бұл туралы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Авиацияда болған жағдайларға ұзақ уақыт бойы тергеу жүргізіледі. Шудағы пойыз апатына қатысты тергеу аяқталды, біз комиссияның іс материалдарын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жолдадық. Оның ішінде көлік прокуратурасы, яғни, ол "Эйр Астана" әуе компаниясына қатысты тергеу бойынша. Тергеу әлі жалғасып жатыр. Алдын ала айта алатыным, онда адамдық фактор бар. Нақтырақ айтсақ, қызметкерлердің қателігі", - деді министр брифинг барысында.

Сондай-ақ, ол комиссия өкілдерінің барлық техниканың дұрыс жұмыс істейтінін нақтылағанын айтып өтті.

"Кез келген осындай жағдайлар бірнеше фактордан тұрады. Мұнда техника дұрыс жұмыс істеп тұрды. Бірақ ауа райы қолайсыз болды. Сондықтан мұнда біз ұшқыш пен диспетчерлік қызметтің жауапкершілігі қаралып жатыр", - деп түсіндірді Қасымбек.

Еске сала кетейік, 22 мамырда 97 жолаушы отырған "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кеткен болатын. Видео әлеуметтік желілерде тараған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети