Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанада үшем дүниеге келді

26 Маусым 2014, 20:12
0
©РИА Новости
©РИА Новости

Астанадағы Ана мен бала орталығында ортақ салмағы сегіз келіден асатын үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты медициналық орталықтың мәліметтеріне сілтеме жасап.  

"Бақытты ана Жанар Жаңабаеваның енді 4 баласы бар. Ол осы уақытқа дейін өмірде мұндай керемет жағдай болатынына сенбеген-ді, ал дәрігерлер болса, барлығы сәтті өтетініне сенімді болды. Жас ана өмірге аман-сау келген Ғани, Иманғали және Ақнұрды көргеннен соң, бұл сыйлық Құдайдан берілгенін, мұны бағалап, сақтау өзінің міндеті екенін сезінді. Үш бала да жоспарланған мерзімде, дені-сау болып дүние есігін ашты. Туа сала әр баланың салмағы 2,5 келіден аса болды. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Тіпті, егіздердің салмағы бұл көрсеткішке жетпей жатады, -  деп хабарлайды Ана мен бала орталығы.  

Орталықтың хабарлауынша, үшем туылған отбасының 8 жасар ұлы бар екен. Ол бала бір күнде екі інісі, бір қарындасы болғанына қатты таңғалып,  анасы мен бауырларына арнайы бөлме дайындап қойыпты. Енді шешесіне көмектесіп, сәбилердің тәрбиесіне қолқабысын тигізбек. 

Тағы бір қызық жайт, үшем әкелерінің туған күнінде, яғни 20 маусымда дүние есігін ашқан. Енді Жанбаевтар отбасы бұл күні 4 адамның туған күнін атап өтеді. Үшемнің ата-анасы Қайыржан мен Жанар Астананың тұрғындары, олар Елордамызда жұмыс жасайды. Енді оларды бала көбейгендіктен тұрғын-үй мәселесі толғандыра бастайды. Олар мемлекеттің көмегіне үміт артып отыр, - дейді дәрігерлер. 27 маусымда жас ана мен үшемдер перзентханадан шығады. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай