14 қыркүйек 2015 14:27

Астанада үсік жүреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kuzbass-dfoday.ru © kuzbass-dfoday.ru

Астанада үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.


Астанада үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Астана билігі ауа температурасының төмендейтіні туралы тұрғындарға ескерту жасады. "Таяу күндерде астаналықтарды үсік күтіп тұр. Солтүстік-батыстан суық антициклон тармағы Астана қаласына ықпал ететіндіктен ауа температурасы төмендейді", - делінген әкімдіктің ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін түнде ауа температурасы плюс 3-5 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы 14 градусқа дейін көтеріледі.

Ертең, 15 қыркүйекте елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 13-15 градус болады деген болжам бар.

16 қыркүйекте күн жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы 16-18 градус, түнде - 5-7 градус. 

"Қазгидромет" РМК мамандарының хабарлауынша, елордада алдағы аптада ауа температурасы төмендейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети