23 сәуір 2015 10:30

Астанада үй аулаларынан 600 тоннадан аса күл шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Astana.gov.kz ©Astana.gov.kz

Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы пилоттық жобаны жүзеге асыра бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы пилоттық жобаны жүзеге асыра бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"Жоба аясында 2014 жылдың 1 желтоқсанынан бастап қала аумағында жеке секторларда күлді арнайы контейнерлерге жинау мен оны полигонға шығару жұмыстары жүргізілді. Күл жинаудың аталмыш тәсілі қоқыс контейнерлерінің, қоқыс таситын техниканың өртенуінің алдын алады және халықтың қоқыс тастау мәдениетін қалыптастырады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, елордада 75 контейнер, әр ауданда 25 контейнерден орнатылған. Сәуір айының 1 мен 25 аралығында коммуналық қызмет өкілдері қала аумағынан 23 тонна 340 келі күл шығарды, ал жоба жүзеге асырыла бастаған сәттен бері 600 тоннадан астам күл шығарылған болатын. Қала әкімдігінің өкілдерінің айтуынша, жоба алдағы уақытта да жалғасын табады және арнайы контейнерлер орнатылады.

Астанада күл шығарудан өзге қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша да жобалар іске қосылған. Соның аясында 1 наурыздан бастап елорданың 36 тұрғын үйі мен 17 ПИК-те арнайы қоқыс контейнерлері орнатылған, - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети