Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Астанада үйін жарып жіберетінін айтқан адам екі бөлмелі пәтер сұрап отыр

24 Маусым 2016, 16:24
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Астанада Иманов көшесінің бойындағы үйде қоршау алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға орнына қоғам белсендісі Сырым Әбдірахманов келді, ол Әділбек Мейрамовтың талабын тыңдады.

Мейрамов өз үйін жарып жібермейтінін айтты және биліктің шешімін күтіп жатыр.

"Мен өз баспанам үшін барымды салып, күресемін. Себебі соттың шешімі заңсыз. Сот процесіне мен қатыспадым, яғни шешімді менсіз шығарған. Шешімнің күші жойылғаны жазылған қағаз бар. Менің айтқандарымды есепке алмайды", - деп мәлімдеді Әділбек Мейрамов.

Әкімдіктегілер көшірудің уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин барыпты. 

Әбдірахманов бұл мәселемен қыстан бері айналысып келе жатқанын айтты, сол уақытта да ол Мейрамовтың құқығын қорғапты. Оның айтуынша, барлық жағдай анықталмайынша көшіру жүзеге асырылмайды. 

"Әкім бұйрық берді - қоршауды алып тастап, мәселені шешсін. (...) Әділбек өзіне екі бөлмелі пәтер сұрап отыр", - деді Әбдірахманов.

Осыған дейін ер адамның өз үйін жарамын деп қорқытқаны белгілі болған еді. Кейін әкімдіктегілер мәселеге қатысты түсінік берді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай