Астанада велосипедтерді жалға беру желісі өз жұмысын бастады

08 Шілде 2014, 18:08
0
Астанада велосипедтерді жалға беру желісі өз жұмысын бастады - ©Мadeoffabric.ru
©Мadeoffabric.ru

Елордада "Астана Bike" велосипедтерді жалға беру желісі іске қосылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл озық техникамен жабдықталған 200 велосипедтке арналған 40 бекет ашылмақшы. Бекеттер Есілдің сол жағалауында бір-бірінен 300-500 метр қашықтықта орын тепкен.

"Біріншіден біз велосипед теуіп өстік ауылда. Жалпы, қазақтың қай қара сирақ баласын алма, оның балалық шағындағы арманының бірі велосипед сатып алу, велосипед тебу. Ал енді біздің қалаға келетін болсақ, XX ғасырдың аяғындағы және XXI ғасырдың басындағы ең әдемі үздік қалалардың қатарында деп есептеймін. Қала өсіп-өркендеп келе жатыр", - дейді Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

Велосипедтерге электр энергиясының көзі ретінде күн батареялары қолданылады. Сондай-ақ, олар төзімді шиналармен, GPS жүйелерімен және басқа да жаңаша құралдармен жабдықталған. Бөлшектерінің бәрі бірегей және бір ғана экокөлікке жарамды. 2017 жылға дейін 1000 велосипедке арналған 100 бекет іске қосылады деп күтілуде.
 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай